Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАлматыда Сәтпаев көшесіндегі құрылыс алаңында кран құлап, бір адам қаза тапты. Алматы Полиция департаменті мәліметінше, оқиға 3 маусымда сағат 16:00-де болған. Дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Алматыдағы қайғылы оқиғаға қатысты егжей-тегжейлі мәлімет белгілі болды.
Tengrinews.kz мәліметінше, қайтыс болған адам – техника кабинасында болған кран жүргізушісі. Ол - 61 жастағы Жұмабек Қалдыбаев. Марқұмның туысы Мақсат Жиенбековтің айтуынша, ағасы кран жүргізушісі болып кемінде 15 жыл жұмыс істеген. Артында жұбайы мен екі баласы қалды.
Оқи отырыңыздар:
Қазір марқұмның туыстары не болғанын анықтауға тырысып жатыр. Олардың айтуынша, құрылыс басшылығы олармен байланысқа шықпаған.
Кеше кешке сағат 18:30-да Бостандық ауданының полиция басқармасынан қоңырау шалып, ағамның құрылыс алаңында қаза болғанын айтты. Кран құлаған. Ешкім қалай құлағанын, не болғанын, не себеп болғанын айтпай отыр. Бүгін құрылыс алаңына бардық, бірақ бізді ішке кіргізген жоқ. Басқарушы директорға хабарластық – ол да ештеңе айтпады. Ұйым басшылығы байланысқа шықпай отыр. Бәрі жасырын. Біз тергеудің ашық жүргізілуін талап етеміз, – деді марқұмның жиені Мақсат Жиенбеков.
Туыстарының айтуынша, марқұмның денесі әлі берілмеген. Құрылыс алаңы қазір мөрленген. Кей деректер бойынша, бұл жерде тұрғын үй кешені салынып жатқан.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек