6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҰлттық кітапханада көрнекті ақын, аудармашы, Қазақстанның Халық жазушысы Қуандық Шаңғытбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Жақұт жырдың жауһары» атты еске алу кеші өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, іс-шара қаламгердің шығармалары мен ел жадынан өшпейтін естеліктерді өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
Кешке зиялы қауым өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, студенттер, әскери бөлім сарбаздары және Түркі дүниесі Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет пен ақынның қызы Гауһар Шаңғытбаева қатысты.
Іс-шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан қаламгердің өмірі мен шығармашылығына арналған кітап және отбасы мұрағатынан алынған фотокөрме ұйымдастырылды.
Қуандық Шаңғытбаевтың «Махаббат пен ғадауат» атты кітабын ақынның отбасы кітапхана қорына және қонақтарға сыйға тартты.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі