10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАлматыда барахолка қоймасындағы өрт сағат 14.58-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Еске салсақ, оқиға бүгін таңғы уақытта болған. Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жоғары дәрежедегі деңгей бойынша жұмыс істеді. Алдын ала мәлімет бойынша қойманың шатыры ашық жалыннан өртенген.
Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамының 104 адамы және 29 техника жұмылдырылды.
Сағат 11.31-де жанып жатқан қоймадан көлемі 25 литрлік 1 газ баллоны эвакуацияланды. Өртті сөндіру жарылыс қаупі бар заттар, яғни, газ баллондары, аэрозольді газ баллондары, лак-бояу бұйымдарының салдарынан күрделене түскен.
Оқи отырыңыз:
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді