6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАлматыда тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару жүйесін жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәселен, 2024 жылы шаһарда 786 жерасты қоқыс контейнері орнатылды. 2025 жылы тағы 581 жаңа контейнер алаңының құрылысы басталып, 1 683 заманауи контейнер орнату жоспарланған.
Мұндай құрылымдар кеңістікті үнемдеуге, жағымсыз иістерді жоюға және құстар мен жабайы жануарлардың қоқысқа жетуіне тосқауыл қояды.
Әкімдіктегілер сапаға ерекше көңіл бөлініп отырғанын атап өтті. Яғни контейнерлер экологиялық таза бастапқы полиэтиленнен жасалатын отандық өндірушіден сатып алынады. Контейнерлер берік, ұзақ мерзімді және қауіпсіз. Бұл жұмыстар қаланы анағұрлым таза, жайлы және экологиялық етуге бағытталған.
Айта кетейік, аталған жоба Алматыдағы өмір сапасын арттыру және көркейту бағдарламасының бір бөлігі болып табылады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі