6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАлматы қаласы Жетісу ауданында қоқыс контейнерлерінің маңайындағы тазалыққа бақылау күшейтілді. Жыл басынан бері тәртіп бұзушылықтар бойынша 346 әкімшілік хаттама толтырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әкімдіктегілер қаланың барлық ауданында бейнемониторинг камералары орнатылып, қоқысты заңсыз тастау фактілері тіркеліа жатқанын атап өтті. Бейнежазбалар тәртіп бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін қолданылады.
Еске салсақ, қаланың көріктендіру ережелерінің 40-тармағына сәйкес, ірі көлемді қалдықтарды шығару тұрғындардың өз есебінен арнайы алаңдарға жинақтамай жүзеге асырылуға тиіс. Мұндай қалдықтарға жиһаз, сантехника, есік, терезе жақтаулары, линолеум, құрылыс қалдықтары мен тұрмыстық техникалар жатады.
Ережені бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабы бойынша жауапкершілікке әкеп соғады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі