Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекӘлеуметтік желіде қазақстандықтар арасында Алматыдағы Дінмұхамед Қонаев атындағы музей-пәтер сатылымға шығарылғалы жатыр деген ақпарат тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мұражай өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Дінмұхамед Қонаевтың мемориалдық музей-пәтері "Алматы қаласы музейлер бірлестігі" КМҚК балансында және мегаполистегі келушілер саны бойынша алдыңғы қатардағы музейлердің бірі болып саналады. Желіде музей-пәтерді сатуға қатысты таралып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Құрметті БАҚ өкілдері және желі пайдаланушылары, тексерілмеген әрі жалған ақпаратты жарыса жарияламауларыңызды сұраймыз, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Қонаевтың мемориалдық музей-пәтері Алматы қаласында Төлебаев көшесі, 119-үйде орналасқан. Дінмұхамед Қонаев бұл пәтерде 1969-1993 жылдар аралығында тұрған. Музей-пәтерді сәрсенбі және сенбі күндері аралап көруге болады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?