Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАлматыда А. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының 80 жылдығына арналған Қазақстан хирургтарының IX Конгресі ашылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ауқымды шараға 400-ден астам маман жиналды, оның ішінде 100-ден астам шетелдік сарапшы бар. Форум заманауи хирургияның өзекті мәселелерін талқылап, тәжірибе алмасуға арналған маңызды алаңға айналды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау хат жолдап, орталықтың отандық медицинадағы орнына ерекше тоқталды. Президенттің айтуынша, Сызғанов атындағы орталық жылдар бойы инновациялық әдістерді енгізіп, ғылыми зерттеулер жүргізіп, білікті мамандарды тәрбиеледі. Бүгінде ол елдің жетекші ғылыми-медициналық мекемесіне айналды.
Сондай-ақ, Премьер-министр Олжас Бектеновтің хатында орталықтың болашағына сенім білдіріп, оның халықаралық деңгейде де беделі артып келе жатқаны аталған. «Инновациялық тәсілдің арқасында орталық болашақта әлемдік ғылым аренасында лайықты орын алады», – деді Үкімет басшысы.
Конгресс жұмысына Жапония, Корея, Қытай, Үндістан, Иран, Еуропа елдері және ТМД мемлекеттерінен келген жетекші хирургтар қатысты. Спикерлер қатарында 58 шетелдік сарапшы бар. Қазақстандық тараптан 250-ге жуық маман баяндама жасап, тәжірибелерімен бөлісті.
Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өз құттықтау сөзінде форумның маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, мұндай алаңдар шетелдік әріптестермен білім және тәжірибе алмасуға, халықаралық байланыстарды нығайтуға және отандық хирургияны жаңа белестерге шығаруға мүмкіндік береді.
Қазақстан хирургтарының IX Конгресінің қорытындылары ұлттық хирургиялық қызметті одан әрі жетілдіруге және халықаралық ынтымақтастықты күшейтуге ықпал етпек. Шара аясында қатысушылар жаңа ғылыми жетістіктермен танысып қана қоймай, бірлескен шешімдер қабылдап, болашақтағы ынтымақтастық бағыттарын айқындады.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары