7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Ұлттық ғылым академиясының басқаруымен Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті (KazNARU) базасында «Nexus» институты құрылуда, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл – жер ресурстарын, су қорларын, энергияны басқару және биологиялық әртүрлілікті сақтау салаларында кешенді әрі орнықты шешімдер әзірлеуге бағытталған ғылыми-білім беру орталығы. Институт өңірлік және халықаралық серіктестердің ғылыми әлеуетін біріктіретін платформа ретінде жұмыс істейтін болады.
Бұл бастама ҚР Ұлттық ғылым академиясы, KazNARU және DKU Қазақстан-Неміс университетінің ынтымақтастығымен, Ханнс Зайдель қорының стратегиялық қолдауымен жүзеге асырылып отыр.
Институттың басты мақсаты – жер, су, энергия және биоалуантүрлілікке қатысты өзара байланысты мәселелерді ғылыми тұрғыда шешу арқылы аймақтың орнықты дамуына үлес қосу. Бұл ретте пәнаралық зерттеулерге, халықаралық академиялық ұтқырлыққа және Орталық Азия үшін жоғары білікті мамандар даярлауға баса назар аударылады.
Институт қызметінің негізгі бағыттары мыналарды қамтиды:
Су және жер ресурстарын орнықты басқарудың саясатын әзірлеу;
Табиғи ресурстарды басқаруға арналған цифрлық шешімдерді енгізу;
Климаттың өзгеру жағдайында жұмыс істейтін кадрларды даярлау;
Жердің тозуы мен шөлейттенуінің алдын алуға бағытталған тәжірибелерді ілгерілету.
Неміс серіктестері, соның ішінде Ханнс Зайдель қоры, институтқа зерттеу бағдарламаларын іске қосудан бастап стратегиялық сессиялар өткізу мен білім беру платформаларын дамытуға дейінгі аралықта қаржылық және сараптамалық қолдау көрсететін болады.
«Nexus» институтының құрылуы – Қазақстан мен Германия арасындағы әріптестікті нығайту жолындағы маңызды қадам әрі аймақтық сын-қатерлерге жауап бере алатын және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ететін орнықты академиялық инфрақұрылымды қалыптастыруға бағытталған тың бастама.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?