Кеше, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Эколог күніне орай Алматы қаласында қайта өңделген пластиктен жасалған алғашқы ақпараттық тақтайша орнатылды. Бұл бастама экология мен тұрақты даму мәселелеріне қоғам назарын аударуға бағытталған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Тақтайшада ағаш туралы мәліметтер, яғни оның түрі, жасы және ерекшеліктері көрсетілген. Әзірге мұндай тақтайша Мақатаев көшесі мен Назарбаев даңғылының қиылысында орналасқан 1888 жылы отырғызылған емен ағашының жанында орнатылды. Болашақта әлемнің жетекші мегаполистерінің тәжірибесіне сүйене отырып, қаладағы көпжылдық ағаштардың басым бөлігі осындай тақтайшамен жабдықталмақ.
Бұл қадам қала тұрғындарының экологиялық санасын қалыптастыруға бағытталған ауқымды бағдарламаның бір бөлігі. Республикалық «Таза Қазақстан» бастамасы мен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық бағдарламасы аясында шаһарда қоқысты сұрыптап жинау жүйесін енгізу және саналы тұтыну мәдениетін дамыту бойынша тұрақты түрде экологиялық іс-шаралар мен акциялар өткізіліп келеді.
Алматы қаласы әкімдігі жанындағы жобалық кеңсенің қолдауымен ашылған алғашқы Экохаб базасында (Марков көшесі, 44) жиналған пластик қақпақтардан салпыншақтар, тіреуіштер, тақтайшалар, шахмат тақталары мен фигуралар, сондай-ақ, көше жиһаздарының элементтері сынды пайдалы әрі сәндік бұйымдар жасалып отыр.
Кеше, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?