7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Алматы облысының Балқаш ауданында дрондардың көмегімен құрамында есірткі бар қарасора егілген плантация анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қаласының тұрғыны шалғайдағы бір гектар жерде “үнді” қарасорасын өсіргені белгілі болды.
Плантацияны анықтағаннан кейін полицейлер бірден бес тоннадан астам есірткі қарасорасын жойды. Өсімдіктерді жою бірнеше күнге созылды. Нәтижесінде қарасора алқабындағы өнімнің жалпы салмағы 10 тоннадан асты.
ІІМ-де түсіндіргендей, қылмыскерлер көп жағдайда үнді қарасорасының сортын оның жоғары есірткілік деңгейі мен бұтасының үлкен көлеміне байланысты таңдайды. Мұндай өсімдіктің сабағы төрт метрге жетіп, салмағы бір килограмнан асады.
Аталмыш қылмысқа қатысы бар күдікті құрықталды. Оған қатысты құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіргені үшін Қылмыстық кодекстің 300-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Жаза сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Осы факті бойынша тергеу жалғасуда.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?