6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер6-11 желтоқсан күндері Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры "Қара шаңырақ - 2022" жаңа қойылымдар фестивалін өткізеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Фестивальдің мақсаты – жаңа қойылымдардың шығармашылық сапасын, оның ішінде актерлердің табысты жұмысын анықтау. Шығармашылық құрамға жаңа серпін беріп, көрермен мен театр арасындағы байланысты нығайту", делінген хабарламада.
Фестиваль барысында қазылар алқасы номинациялар бойынша үздіктерді анықтап, жеңімпаздар 13 желтоқсан марапатталады.
Шараның ашылу салтанатында кітаптардың тұсаукесері, "Ә.Мәмбетовтің туғанына – 90 жыл" атты көрме "Қан мен тер. Ақбала" трагедиясының көрсетілімі өтеді.
Фестиваль барысында Қ.Бегмановтың "Менің Мұстафам!.." моноспектаклі, Д.Исабековтің "Мақшар түнгі махаббат" мистикалық драмасы, Р.Отарбаевтың "Қытайдан жеткен сәлемдеме" драмасы, М.Әуезовтің "Қарагөз" трагедиясы және өзге де қойылымдар көрермен назарына ұсынылады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі