22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыАлматы қаласында 30 қаңтар күні басталған қар 1 ақпанға дейін жалғасады. «Қазгидромет» РМК жауын-шашын мөлшері 8-9 мм-ге дейін жетуі мүмкін деп болжам жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық әкімдік мәліметінше, көктайғақтың алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қар жауар алдында жолдар 180 м³ сұйық реагентпен өңделді. Жолға құм-тұз қоспасын себуге 152 арнайы техника жұмылдырылды, сағат 17:00-дегі жағдай бойынша 1250 тонна көктайғаққа қарсы материал пайдаланылды.
Қардың жиналып қалуын тездетіп жою үшін қауіпті жол учаскелерінде, түсу және көтерілу аймақтарында, жолайрықтардың бұрылыс бөліктерінде 46 жедел бригада күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Олар тәулік бойы кезекшілік етуде.
Күндізгі уақытта қар тазалау жұмыстарына 455 бірлік арнайы техника және 1060 жол жұмысшысы тартылды. Сондай-а, жаяу жүргіншілер жолдарын, қоғамдық орындарды, қоғамдық көлік аялдамаларын және жерүсті өткелдерін механикаландырылған тазалау үшін 95 бірлік шағын көлемді техника қолданылады, - делінген мәліметте.
Қаланың барлық аудан әкімдіктерінде қар күреу жұмыстарын бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.
Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын жолда мұқият болуға, жол қозғалысы ережелерін сақтауға және жол жүру кезінде ауа райын ескеруге шақырады.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев