Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек2-5 сәуір аралығында үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндеріндегі қар жамылғысының тұрақсыз жағдайға және биіктігіне байланысты қар көшкінінің түсу қаупі сақталады. Осыған байланысты Алматы қалалық ТЖД тұрғындар мен туристерден алдағы күндері тауға шықпауды сұрайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көшкін қаупі аймағына адамдардың өтуін шектеу мақсатында "Алматы қ.-Космостанция" автожолындағы Аюсай бөгетінен жоғары және "Шымбұлақ - Тұйықсу мұздығы" автожолындағы Эдельвейс көшкін жинау ауданында блокбекеттер орнатылған.
Көшкін қаупі кезеңінің басынан жолдардың алдын ала жабық учаскелерінде және адамдар өтпейтін аумақтарда жалпы көлемі 740 мыңнан астам текше метрден асатын 136-дан астам қар көшкіндердің өздігінен түсу жағдайлары орын алды. Өз кезегінде қар көшкінінің профилактикалық түсіруі жүргізілді. Жарылғыш әдіспен 9 200 текше метрден астам қар массасы түсірілді. Зардап шеккен адам жоқ,-делінген қалалық ТЖД мәліметінде.
ТЖД мен "Қазселденқорғау" алматылықтарға, туристерге және мегаполис қонақтарына алдағы күндері тауға шықпауды сұрайды.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?