10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАлматыда қалта ұрыларынан құралған ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Прокуратураның үйлестіруімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, ҰҚТ-ның жетекшісі мен 11 мүшесі анықталды. Олар өткен жылдың қарашасынан бері қоғамдық көлікте торуылдап, азаматтардың құнды заттарын ұрлаған.
Орташа есеппен, қылмыскерлердің күнделікті заңсыз табысы шамамен миллион теңгеге жеткен.
Сот үкімімен қылмыстық топтың 9 мүшесі ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды, – делінген прокуратура хабарламасында.
ҰҚТ-ның екі мүшесіне іздеу жарияланып, оларға қатысты жеке тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді