23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Алматыда Қалдаяқов көшесінің бір бөлігіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық әкімдік мәліметінше, 29 тамыз күні сағат 23.00-ден 31 тамыз күні сағат 11.00-ге дейін Мақатаев көшесінен Төле би көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс жабылады.
Бұл аумақты Мүслім мен Ришат Абдуллиндер көшесі, Гоголь және Төле би көшелерімен, сондай-ақ Зенков пен Қайырбеков көшелері арқылы айналып өтуге болады.
30 тамыз күні сағат 23.00-ден 1 қыркүйек күні сағат 11.00-ге дейін Төле би көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс жабылады. Бұл аумақты Зенков, Ришат және Мүслім Абдуллиндер көшелері арқылы айналып өтуге болады, - делінген мәліметте.
Әкімдік маршрутты алдын ала жоспарлауды сұрайды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік