Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАлматының Әуезов ауданында, Сайран көліне жақын аумақта жарылысқа ұқсайтын қатты дыбыс естіліп, содан кейін электр жарығы өшіп қалған. Бұл жағдайға трансформатор станциясындағы өрт себеп болғанын қалалық Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ресми дерекке сәйкес, бүгін жергілікті уақыт бойынша 08:53-де Өтеген батыр көшесіндегі 76-үй маңында трансформатордың жанып жатқаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер подстанциядағы шамамен 0,2 шаршы метр аумақтағы жалынды анықтап, электр желісі қызметкерлері нысанды тоқтан ажыратқан.
Жерге келген тоғыз құтқарушы қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, өртті ауыздықтауға кіріскен. Қазіргі уақытта ашық жалынның толық өшірілгені хабарланды.
Бұған дейін Алматының Алатау ауданында да ұзаққа созылған электр желісіндегі ақау салдарынан бір тәуліктен астам уақыт бойы жарық болмаған. Ол кезде әкімдікке қарасты 110 кВ кабель желісінің бүлінуі себеп болған еді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?