Алматыда полиция терезеден секіріп кеткен қызға қатысты түсініктеме берді

10 Шілде 2023, 11:27 1103

Алматыда екінші қабаттың терезесінен секіріп кеткен қызға қатысты қылмыстық іс тоқтатылған жоқ.

Бұл туралы Алматы қалалық ПД мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қалалық ПД интернетте 2-қабаттың терезесінен секіріп кеткен қыз бойынша, өз-өзіне қол жұмсау дерегіне сәйкес, қылмыстық істің тоқтатылғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлайды, - делінген мәліметте.

Полиция мәліметінше, тергеу Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша жалғасуда: 105-бабы – «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» және 194-бабы – «Бопсалау».

Айта кетейік, өткен аптада Алматы қаласында 20 жастағы бойжеткен терезеден секіріп кеткені туралы хабарланған болатын. Бірнеше қыз оны қамап қойып, тәнін саудалауға мәжбүрлеген.

Тергеу барысында оқиғаның барлық қатысушылары мен куәгерлері анықталған.

Оқи отырыңыз:

Басты күдікті белгілі болды. Қазір жан-жақтылық, толықтық және объективтілік қағидаттарын қатаң сақтай отырып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, - делінген.

Тергеу барысы Алматы қалалық ПД басшылығының бақылауында.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: