23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Жедел бөлімшенің мәліметінше, стоматологиялық емханалардың бірінде электронды темекінің заңсыз айналымы анықталған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Polisia.kz мәліметінше, тінту кезінде емхана қоймасынан 13 мыңға жуық вейп табылып, тәркіленді.
Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін бұрын сотты болған 32 жастағы ер адам анықталды және ұсталды, ол электронды темекінің заңсыз айналымын жасағанын мойындады. Оның айтуынша, ол заңсыз баю мақсатында досының емханасында уақытша сақтау үшін қойма ұйымдастырып, тыйым салынған вейп құралдарын жасырын сатумен айналысқан. Қылмыстық істі Медеу аудандық полиция басқармасы тергеп жатыр, – деді Алматы қалалық ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Асхат Дәулетияров.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 20 маусымында Қазақстанда вейптерді сатуға тыйым салатын заң нормалары күшіне енді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 301-1-бап (Шылым шекпейтін темекі өнімдерінің, электронды тұтыну жүйелерінің (вейптар), хош иістендіргіштер мен оларға арналған сұйықтықтардың айналымы) қосылды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік