Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАлматының патрульдік полиция қызметкерлері жүкті әйелді перзентханаға жеткізуге көмектесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция дерегінше, кептеліс кезінде жергілікті тұрғын полиция қызметкерлері Нұрлан Исмаилов пен Әділет Нематовтан құралған мамандандырылған батальонның экипажынан көмек сұрап жүгінген.
Әріптесім екеуміз Сейфуллин даңғылында қызметте болдық. Бізге қасымызға көлік келіп тоқтады, жүргізуші толғағы басталған жүкті әйелін алып бара жатқанын айтты. Оларды перзентханаға дейін жеткізуін өтінді, – деді Әділет Нематов.
Екі көліктен құралған кортеж қаланың басқа жағында орналасқан №3 перинаталдық орталыққа санаулы минуттарда жетті.
Полицейлердің арқасында біз барлық кептелістен қауіпсіз әрі жылдам өттік. Жарты сағаттан кейін әйелім босанды. Бұл менің үшінші қызым. Мен полиция қызметкерлеріне көмек көрсеткені үшін алғыс айтамын. Әйелім мен қызым қазір үйде, бізде бәрі жақсы, – деді, Рустам есімді алматылық.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді