Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАлматыда пластик қалдықтарды жинауға және қайта өңдеуге бағытталған Plastic Reboot экологиялық акциясы бастау алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қала тұрғындары пайдаланылған пластик бөтелкелер мен қаптамаларды өткізіп, әрбір пластик үшін 5 теңге көлемінде ақшалай сыйақы ала алады.
Қабылдау пункттері 18-24 қазан аралығында Экохаб, Оқушылар сарайы, Инновациялық шығармашылық орталықтары мен комьюнити орталық базасында ашылды. Қабылданатын пластик тамақ немесе сұйықтық қалдықтарынсыз таза болуы қажет.
Акция сусындарға арналған пластик бөтелкелерді, тұрмыстық химия мен азық-түлік қаптамаларын, 5-ші белгісі бар бір реттік ыдыстарды қайта өңдеуді қолдайды. Тұрмыстық техникадан, көліктерден алынған және белгісі жоқ пластик қабылданбайды. Толық ақпарат карусельде көрсетілген.
Мектеп оқушылары «Мейірімді қақпақ» бағдарламасы аясында бөтелке қақпақтарын жинауға қатыса алады, ал үздік қатысушыларға оларды кәдесый ретінде қайта өңдеу ұсынылады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?