10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАлматыда жергілікті жылу желілерін жаңғыртуға байланысты Павлодар көшесінің бір бөлігі өткен аптада түнде жабылған болатын. №136 үйден бастап Мақатаев көшесіне дейін екі бағытта қозғалысты шектеу мерзімі 26 тамыз сағат 00:00-ге дейін ұзартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС жаңғырту жұмыстары кезеңінде аталған тұтынушылар ыстық сумен бұрынғысынша үздіксіз қамтамасыз ете берілетін болатынын айтты.
Көрсетілген нысанда құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізетін мердігер ұйымға жылу магистралін жаңғырту жобасын іске асырудың барлық технологиялық ерекшеліктерін сақтау үшін қосымша уақыт қажет.
Бұдан бұрын аталған аумақта көлік қозғалысы 19 тамыз күнгі 12:00-ге дейін жабылады деп хабарланған болатын.
Уақытша шектеулер осыдан 43 жыл бұрын (1981 жылы) пайдалануға берілген, ұзындығы 2 мың 135 метр болатын, аталған қала аумағының автокөлік жолы бөлігінің астынан өтетін құбырды жаңғырту учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз,-делінген мекеме хабарламасында.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді