Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары2024 жылғы 24-30 қараша аралығында Алматы қаласында XVII «Еуразия» халықаралық кинофестивалі өтеді. Биылғы фестивальге 15-тен астам ел қатысады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кинофестивальді Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы ұйымдастыруда.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, биылғы конкурс бағдарламасында үш құрлықтан келген 12 фильм көрсетіледі.
Қатысушылары саналуан, ауқымы кең фестивальде ұсынылған фильмдер түрлі мәдениеттер мен көзқарастардың бай палитрасын көрсетеді. Конкурс Бангладеш пен Оңтүстік Кореядан бастап, Австрия мен Катарға дейінгі елдердің туындыларын қамтиды. Еуропа, Азия және Таяу Шығыстан келген шығармашылық топтар әмбебап тақырыптар мен жергілікті контекстті біріктіретін жұмыстарды ұсынбақ, - делінген мәліметте.
2024 жылы «Еуразия» тек фильмдер фестивалі ғана емес, кино әлеміне саяхат болмақ.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек