Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерРеспублика сарайында «Қарулы күштер – тәуелсіз елдің қорғаны!» атты Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты концерт өтті. Шараға ардагерлер, әскери қызметкерлер, күштік құрылым өкілдері, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары жиналды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Концерт Мемлекеттік Әнұранды орындаумен басталды. Сахнада Алматы қаласы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен Халық артисі Талғат Күзембаев, Роза Рымбаева, Біржан Хасанғалиев, Дәурен Байбөрі, Олег Татамиров, «МузАрт Life», «Жігіттер» тобы, Райымбек батыр атындағы 38-ші десанттық-шабуылдау бригадасының шығармашылық ұжымы және басқа да өнер адамдары қатысты.
Көрермендер әскери қызмет пен ел қорғаушылардың ерлігіне арналған патриоттық әндер мен музыкалық шығармаларды тыңдады. Бағдарламада «В землянке», «Журавли» секілді әскери әндер, патриоттық попурри және «Ұлы елім», «Менің Отаным», «Айбынды армия», «Туған жер» сынды әсерлі әндері шырқалды.
Концерт соңында барша қатысушы Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың символына айналған «Атамекен» әнін қосыла шырқады.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі