28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАлматылық құтқарушылар өртенген үйден 93 жастағы кейуананы құтқару сәті түсіп қалған видеоны жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
22 желтоқсан сағат 13:51 кезінде Түрксіб ауданы Бакинская көшесіндегі жеке тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабар түскен.
Онда жалпы ауданы 60 шаршы метр аумақта жеке тұрғын үйдің шатыры жанып жатты. Жақын маңдағы үйге де қауіп төнді.
Құтқарушылар 4 минутта келді. Олар 1929 жылы туған әжені үйден алып шықты.
Өрт 14:15-те оқшауланып, 14:27-де сөндірілді.
Аға инженер Тұран Асылхан терезені сындырып жатқанда, көмекке келген бөлімше командирі Санжар Тайсариев мен өрт сөндіруші Нұржан Жанқоразов есіктерді ашып, құлыпталған бөлмеге кірді. Онда егде жастағы әйел болды.
Қария үйде не болып жатқанын түсінбеді.
Олар кейуананы көтеріп, таза ауаға алып шықты. Сосын әрі қарай тексеру үшін жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды.
Дәрігерлердің қарауынан кейін 93 жастағы әже туыстарына берілді. Оның өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?