Бүгiн, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Алматыда «Ортеке» VII Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалінің салтанатты ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ауқымды мәдени іс-шараға Қазақстан, Грузия, Түркия, Өзбекстан және Әзербайжан елдерінің сала мамандары қатысты. Фестиваль қала тұрғындары мен қонақтарына қуыршақ өнерінің бірегей туындыларын тамашалауға мүмкіндік берді.
Ашылу рәсімі республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театрының сахнасында өтті. Іс-шараға өнер қайраткерлері, қала тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ ТҮРКСОЙ ұйымының өкілдері қатысты. Фестиваль бағдарламасы Самарқанд облыстық қуыршақ театры қойған «Әли Құсшы» спектаклімен басталды.
Бес күн бойы байқау спектакльдері Республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театры, Алматы мемлекеттік қуыршақ театры, Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры және Тотальный театр сахналарында өтеді.
Фестиваль қойылымдарын Қазақстан, Молдова, Тәжікстан және Түркияның жетекші театр қайраткерлерінен құралған халықаралық қазылар алқасы бағалайды.
Бүгiн, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?