Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАлматының орталығындағы 4 қабатты тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Тілсіз жау үйге жапсарлас салынған бургер әзірлейтін нысан, сондай-ақ асхана ғимараты мен 3-ші қабатта орналасқан пәтерге тараған. Абай даңғылы мен Ахмет Байтұрсынұлы көшелерінің қиылысындағы үйдің жанып жатқаны туралы хабар өрт сөндіру қызметіне 14:31-де түскен.
Өрт сөндіру барысында 2 адам құтқарылды. Оның бірі – бала. Сондай-ақ 60 адам эвакуацияланды. 2 сағат арпалысқаннан кейін тілсіз жау толық сөндірілді.
Оттан зардап шеккен пәтерлердің тұрғындары уақытша қонақ үйлерге жайғастырылады. Өрттің шығу себебін арнайы зертхана мамандары анықтайтын болады.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер