Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАлматыда Орманов көшесінің бір бөлігінде су құбыры қайта жаңартуға байланысты қозғалыс уақытша шектеледі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Алматыда инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. ШЖҚ «Алматы Су» МКК-ның өз инвестициялық бағдарламасы есебінен биыл тозған су құбыры желілері қайта жаңартылып жатыр. Қайта жаңарту жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 14 шілде мен 31 тамыз аралығында Орманов көшесі бойымен Төле би мен Құмай көшелерінің арасындағы аумақта көлік қозғалысы шектеледі. Шектеулер жолдың астына салынған су желілерін реконструкциялаумен байланысты. Жұмыс аяқталған соң жол жабыны толықтай қалпына келтіріледі.
Қала әкімдігінің ақпаратына сүйенсек, жоба бойынша барлығы 5,4 шақырым су құбыры желілерін ауыстыру көзделген. Жұмыстың бірінші бөлігі - Бөгенбай батыр көшесінен Балтабаев көшесіне дейінгі ұзындығы 3,3 шақырым аралық. Алғашқы кезеңнің жұмысын кәсіпорын 2024 жылы іске асырған болатын.
Медеу ауданының осы аумақтарындағы желілерді қайта жаңарту бірнеше мың тұрғынды, сондай-ақ, ондаған әкімшілік ғимарат пен коммерциялық нысанды тұрақты әрі сапалы сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жауаптылар қала тұрғындары мен қонақтарынан бағытын алдын-ала жоспарлап, қозғалыс сызбасындағы уақытша өзгерістерді ескеруді сұрайды.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары