23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Алматыда тұрғындарға қызмет көрсету сапасы мен жайлылығын арттыру үшін оқу жылы басталғанға дейін маршрутқа 100 жаңа автобус шығады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі уақытта қалалық автопарк 30 автобуспен толықты, қалған 70-і жақын арада келеді.
Бұл автобустар есебінен жылжымалы құрам №37, 38, 38а және 201 маршруттарда жаңартылады. Әрі №24, 125, 131 маршруттарға автобустар қосылады, яғни қолданыстағы маршруттар жаңа автобустармен толығады.
Оқи отырыңыз:
Бұған дейін мегаполис әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесулерде 2023 жылы Алматыда қосымша 600 жаңа автобус сатып алынатынын хабарлаған.
Қоғамдық көлікті дамыту біз үшін басты басымдықтардың бірі. Халықтың шағымының дені қоғамдық көлік жұмысының сапасына, атап айтқанда кейбір қолданыстағы маршруттардың жайсыздығына және жоспарлы қозғалыс аралығын сақтамауға қатысты. Сондықтан біз бұл мәселелерді шешуді қолға алып жатырмыз, - деді әкім.
Қалған 500 автобусты сатып алуға шарт жасалды.
Алматыда барлығы 2000-нан астам автобус, 163 маршрут, 24 тасымалдаушы жұмыс істейді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік