6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАлматыдағы Көлік холдингінің хабарлауынша, DDOS шабуылынан туындаған ONAY мобильді қосымшасының кейбір сервистеріндегі шектеулер жойылды, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.
9 тамызда сағат 23:00-ден бастап Алматы Көлік холдингінің желілік ресурстарына бұрын-соңды болмаған DDOS шабуылы жасалды. Бұл ретте автобустардағы жабдық штаттық режимде жұмыс істеді. Жол ақысы көлік картасы, смс, ONAY мобильді қосымшасы арқылы төленді. Кейбір пайдаланушылар DDOS шабуылына байланысты Мобильді қосымшаның кейбір қызметтерінде шектеулер болуы ықтимал, - делінген хабарламада.
Холдинг мамандары жүйе жұмысын ретке келтіру бойынша жұмыс істеді. Қазіргі уақытта барлық байланыс сервисі мен арналары штаттық режимде жұмыс істейтінін атап өтті.
Көлік холдингінің мамандары жағдайды бақылауда ұстап, жедел режимде жағдайдың қайталануына жол бермеу үшін қажетті шараларды қабылдады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі