Бүгiн, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Таң Шолпан» халықаралық тәуелсіз әйел суретшілер қорының 25 жылдығына орай «Өмір сүру, сену, сүю...» атты көрме ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, көрмеде Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Грузия, Австрия, Германия, Канада және АҚШ суретшілерінің 100-ден астам туындылары ұсынылған.
Халықаралық жоба жоғары көркемдік білімі бар, кескіндеме, графика, сәндік-қолданбалы өнер, мүсін секілді түрлі өнерде шығармашылықпен айналысатын 70-тен астам кәсіби суретшілерді біріктірді.
«Таң Шолпан» қоры Қазақстанда жалпы өнерді ілгерілетуді мақсат етіп қойған әйел суретшілерді жинаған жалғыз компания. Олардың өмір философиясы – өнерге, шығармашылыққа деген сүйіспеншілік. Бұл олардың бірегейлігін көрсетуге мүмкіндік береді.
Экспозиция 9 ақпанға дейін жалғасады.
Бүгiн, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?