30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАлматыда 2024 жылғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлеріне су жаңа пәтер кілттері табысталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Еске салсақ, өткен жылдың 20 тамызында Алматы әкімдігінде Олимпиада жүлдегерлерімен салтанатты кездесу өткен болатын. Ел намысын қорғап, Қазақстан туын желбіреткен спортшыларға ақшалай сертификат, автокөлік кілті және тұрғын үй алуға арналған сертификат табысталған еді. Бұл құжаттар – атақты спортшыларды баспанамен қамту тетігінің алғашқы кезеңі болды.
Бұл үшін арнайы бюджет қалыптастырылып, барлық мемлекеттік сатып алу рәсімі – байқау өткізуден бастап келісімшартқа қол қоюға дейін – толықтай заңға сәйкес орындалды. Барлық кезең бірнеше айға созылды. 2025 жылдың 9 қаңтарында барлық заңдық және сатып алу рәсімдері толық аяқталды. Спортшылардың жайлы тұруы үшін берілетін пәтерге таза әрлеу жұмыстары жүргізілді,-делінген әкімдік мәліметінде.
Бүгін салтанатты жағдайда Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов Парижде өткен Олимпиада ойындарында жүлде иеленген спортшыларға жаңа пәтер кілтін табыс етті. Баспаналы болған спортшылар қатарында боксшы Назым Қызайбай, гимнаст Нариман Құрбанов және мерген Ислам Сәтпаев бар.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды