6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарының жүлдегерлері Ғұсман Қырғызбаев пен Александра Ле «Алматы – біздің ортақ үйіміз» акциясы аясындаэкологиялық марафонға қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Спортшылардың айтуынша, экологиялық марафон - қаланы тазарту мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар салауатты өмір салтын насихаттаудың бір жолы.
Дзюдодан қола жүлдегер Ғұсман Қырғызбаев өзі оқыған мектеп аумағын тазартуға көмектесіп, осындай бастамалардың маңыздылығын атап өтті.
Спорттың оқ ату түрінен қола жүлде иегері атанған Александре Ле де акцияны қолдап, пікір білдірді.
Менің ойымша, мұндай іс-шараларды жиі өткізу керек. Егер әрбір қала тұрғыны экологияға қамқорлық жасаса, мегаполистегі өмір жайлы бола түседі, – деді спортшы.
Олимпиадашылар жастарға үлгі көрсетіп, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын еске салды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі