Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіБүгін Алматы қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының "Қоғамдық келісім кеңесінің қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартудағы рөлі" республикалық форумының кеңейтілген отырысы өтуде.
Форумға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ж.Түймебаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ю.Келигов, Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаев, ҚР Парламенті депутаттары, Ассамблея Кеңесінің, Қоғамдық келісім кеңестерінің, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшелері, мемлекеттік органдар мен этно-мәдени бірлестіктер өкілдері қатысуда.
Форум аясында қатысушыларға «Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңестерінің жұмысы» көрмесі таныстырылды. Мұнда қатысушылардың назарына елдің әр аймағындағы қоғамдық келісім кеңестерінің атқарып отырған жұмыстары туралы ақпарат ұсынылды. Және Ассамблеяның бір шаңырағына біріктірілген барлық этнос өкілдері өздерінің салт-дәстүрі мен мәдениетінен мағлұмат беретін тарих жәдігерлері мен қолөнер бұйымдарын ұсынды. Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев көрмені аралап, оның жұмысына оң баға берді.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік