Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсАлматыда Қазақстан халқы Ассамблеясының форумы аясында 27 қыркүйек күні сағ: 11:00-де Достық үйінде «Қоғамдық келісім кеңесінің қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартудағы рөлі» тақырыбында кеңейтілген отырыс өтеді.
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, ҚР Парламенті депутаттары, Ассамблея Кеңесінің мүшелері, барлық деңгейдегі және ірі кәсіпорындар жанындағы ҚХА Қоғамдық келісім кеңесі, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің өкілдері, мемлекеттік органдар мен этно-мәдени бірлестіктер қатысады деп күтілуде.
Форум барысында Қоғамдық келісім кеңесінің халық тұрмысының сапасын жақсартудағы өзекті мәселелері, жалпымемлекеттік міндеттерді шешу жолдары, қоғамдық бақылау тетігі ретінде Кеңес рөлін арттыру, аудандық деңгейдегі, жергілікті жердегі және кәсіпорындар тәжірибесімен танысу көзделіп отыр.
Сонымен қатар форумда «Қоғамдық келісім кеңесінің тәжірибесімен бөлісу» дөңгелек үстелі мен «Қоғамдық келісім кеңесінің жұмысында медиативті технологияларды пайдалану» тренингі жоспарланған.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды