22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыКезекте тұрған тағы 271 адам жаңа ТҮК-нен пәтер кілтін алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, оның ішінде жетім бала – 27, I және II топтағы мүгедек – 28, жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагер – 23, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасы – 58, толық емес отбасы – 129, зейнеткер – 5 және кейбір созылмалы аурудың ауыр түрінен зардап шегетін бір адам.
Баспаналы болған жанның бірі – 69 жастағы Марат Шаханов.
10 жылдан астам уақыт бойы мен кезекте тұрдым, шынымды айтсам, қоңырауды күтпедім. Бірақ кеше маған қоңырау шалып, жаңа пәтер берілетінін хабарлады. Мен алтыншы қабаттағы үйімді көріп шықтым, құрылыс сапасына риза болдым. Биыл мұқтаж жандарға көптеп пәтер беріліп жатыр. Мұның бәрі Алматы әкімі Ерболат Досаевтың арқасы деп білемін. Қала билігіне жаңа пәтерде тұруға мүмкіндік бергені үшін өте ризамын, - деді Марат Шаханов.
Естеріңізге сала кетейік, ХӘОТ санатындағы кезекте тұрғандарға кілт тапсыру рәсімі биыл 25 мамырда басталған болатын. Содан кейін кезекте тұрған 124 адам үш үйден пәтер алды. Кезекте тұрған 164 адам екі лекке ілігіп, 28 мамырда баспаналы болды. 30 мамырда тағы 105 кезекте тұрғандарға үй берілді. 5 маусымда 111 отбасы жаңа үйге қоныстанды. Биыл 7 маусымда 86 адам қоныс тойын тойлады.
Айта кетейік, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен 2024 жылы қаланың коммуналдық тұрғын үй қорынан халықтың әлеуметтік осал тобының тізімі бойынша кезекте тұрған азаматтарға кезектілік тәртібімен екі мың жалға берілетін пәтер беру жоспарланған, оның 400-і жетім балаларға беріледі.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев