6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАлматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасы ҚБТУ жанында орналасқан «Солтүстік» (Северный) скверіне реконструкция жүргізілді. Бұл туралы қалалық әкімдікке сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әкімдік мәліметінше, сквер аумағында бетон плиткалары төселді, отандық өндірістің шойын тіректері мен шамдары орнатылды, суару жүйесі қалпына келтірілді, қосымша резервуар орнатылды. Көгалдандыру жұмыстары барысында қарағай, каштан, сәндік арборвита, раушан және басқа да гүлдер отырғызылды. Реконструкциялау қаланың тарихи-мәдени мұрасының, оның ішінде «Мың тамшы» субұрқағының бейнесін сақтауды ескере отырып жүргізілді.
Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары барысында барлық құбырлар, саптамалар мен арматуралар ұзақ мерзімді пайдалану нәтижесінде істен шыққандығы анықталды. Коррозия нәтижесінде құбырларда ағын пайда болды, тұздардың тұндырылуы, бұл су саңылауларының бітелуіне әкелді. Осыған байланысты құбыр жүйесі мен сорғы қондырғысы, субұрқақтың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін сыртқы желілер толығымен ауыстырылды. Субұрқақтың гранит жабыны да қалпына келтіріліп, жарықтар мен ойықтар жойылды, - делінген мәліметте.
Айта кетерлігі, келісімшартқа сәйкес мердігер ұйым екі жылға дейінгі мерзімге жүргізілген жұмыстарға кепілдік міндеттеме алатын болды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі