7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қолдауымен және демеушілік қаражат есебінен Алматыдағы екі мамандандырылған музыка мектеп-интернатына жаңа мектеп автобустары сатып алынды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернатының оқушылары жаңа оқу жылынан бастап «Integra Construction KZ» ЖШС берген 37 орындық автобуспен мектепке қатынап жүр.
Ал 26 қыркүйекте «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры Ахмет Жұбанов атындағы республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатына 27 орындық автобус табыстады. Жаңа көлік қала ішінде оқушыларды тасымалдау үшін пайдаланылады.
Бұған дейін балалар үлкен, ауыр музыкалық аспаптарын арқалап, бірнеше рет автобус ауыстырып мектепке жететін болса, енді олар сабаққа қауіпсіз әрі жайлы жағдайда бара алады.
Мәдениет және ақпарат министрлігі мәдениет пен өнер саласындағы білім беру ұйымдарының оқу жағдайын жақсарту және материалдық-техникалық базаны нығайту жұмыстарын жалғастыруда. Бүгінде мектептерге жаңа музыкалық аспаптар сатып алынды. 1-4 сынып оқушылары ыстық тамақпен қамтылған. Сондай-ақ инвесторлар есебінен заманауи мектеп-интернаттар салу мәселесі қарастырылып жатыр.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?