18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Алматы қаласында танымал мүсінші Ескен Сергебаевтың көрмесі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Экспозицияға шебердің онға жуық қондырғылы еңбегі енген. Көрменің ашылу салтанаты 10 сәуір сағат 17:00-де Алматы қаласындағы Domingo салонында өтеді.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, іс-шараға коллекционерлер, көрме және музей кураторлары, өнер жанашырлары, сондай-ақ Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Парасат» және III дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері, Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессоры Ескен Сергебаевтың өзі қатысады.
Алматыда мүсіншінің еңбектері жетерлік. Атап айтсақ, Қазақ ұлттық драма театры жанындағы Мұхтар Әуезовтің мүсіні, ҚазҰУ қалашығының бас аллеясындағы Әл-Фараби ескерткіші тұрғындар арасында өте танымал. Ескен Сергебаев көрме қонақтарын қарсы алып, алғы сөз сөйлейді, - делінген мәліметте.
Бұл көрме — Ескен Сергебаев шығармашылығының жаңа тынысы, өнерге қайта оралуының айғағы. Ол шебердің есімін жұртшылыққа жаңа қырынан таныстырып, оның туындыларына жаңа өмір сыйлайды.
Көрме 18 сәуірге дейін жалғасады.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр