Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАлматыда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мәдениеттанушы-ғалым Мұрат Әуезовтің 80 жылдық мерейтойына арналған «Өткірдің жүзі» атты кездесу өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Іс-шараға Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, зиялы қауым өкілдері Олжас Сүлейменов, Смағұл Елубай, Төрегелді Шарманов, Бақытжан Қанапиянов және басқа да ақын-жазушылар мен мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.
Министр Мұрат Әуезовті мерейтойымен құттықтай отырып, ұлт абыздарының ғұмыр жолы жас ұрпақ үшін қашанда үлгі-өнеге екенін атап өтті.
«Сіздердің өнегелі өмір жолдарыңыз өскелең жас буынға қашанда темірқазық болуы қажет. Біз өздеріңіз салған тағылымды таным жолымен жарқын болашаққа айқын бағыт ұстануымыз керек. Әлі де шығармашылығыңыздан қол үзбей, сүбелі де сүйекті еңбектеріңізбен халық қазынасын молайта беріңіз», - деді Асхат Оралов құттықтау сөзінде.
Кездесу аясында келген қонақтар мерейтой иесіне жылы лебізін білдіріп, сый-сыяпаттарын табыстады.
Сондай-ақ, ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан Мұрат Әуезовтің қызметі мен шығармашылығына арналған «Өткірдің жүзі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары