23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Оқиға 12 мамыр күні сағат 16:00 шамасында Медеу ауданында болған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Достық-Құрманғазы көшелерінің қиылысында полицейлер басына шлем кимеген мопедшіні байқаған. Ол тәртіп сақшыларының тоқтау туралы бұйрығына бағынбаған.
Жоғары жылдамдықпен жеке сектор арқылы жасырына бастады. Сонымен қатар ол жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндірді. Қуыс көшеде мопедті жаяу қуа бастадым. Мопедші артқа бұрылып, әдейі маған қарай жүрді. Соқтығысуды болдырмау мүмкін болмады. Мен құладым. Ал ол көлік құралын басқара алмай, кедергіге соқтығысты. Содан кейін ол ұсталды, - деді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің инспекторы, полиция аға лейтенанты Жәнібек Оразбаев.
Құқық бұзушы жеткізуші компаниялардың бірінің 23 жастағы курьері болып шықты.
Полиция қызметкері ауруханаға жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы және полиция қызметкерінің заңды талаптарына бағынбау деректері тіркелді. Мопед жүргізушісі ҚР заңнамасына сай жауапкершілікке тартылатын болады.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік