23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАлматыда мопед ұрлаған үш күдікті ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қаласының Медеу аудандық полиция қызметкерлері үш күдіктіні Алматы облысының аумағында қолға түсірді. Олар жақында өзгенің мопедін ұрлап кеткен. Полицияның мәліметінше, қылмыс түнгі сағат үште Құлжа тас жолының бойында орналасқан тұрғын үй кешендерінің аумағында болды. Үйдің ауласында тұрған мопедті байқап қалған күдіктілер оны ұрлауды шешкен. Кейіннен қаскөйлер ұрлаған мопедті сатуды жоспарлап, түскен қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсамақ болған. Олар ұсталып, қамауға алынды. Ұсталғандардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Қылмыстық кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты қосымша ақпарат жарияланбайды. Қазақстан Республикасының Конституциясының 77-бабы 3-бөлігі, 1-тармағы мен Қылмыстық кодексінің 19-бабы 1-тармағына сәйкес, кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады