Алматыда мейрамхана өртеніп, 20 адам эвакуацияланды

8 Қараша 2022, 06:18 811

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 3 минуттан келіп жетті

Алматыда өрт сөндірушілер қатты өртті 11 минутта оқшаулаулады. Өртті сөндіру барысында 20 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды El.kz.

7 қарашада сағат 18:45-те Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары Медеу ауданына жоғары дәрежедегі шақырту бойынша аттанды. Төле би көшесі, 24 В көшесіндегі ғимарат отқа оранған.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 3 минуттан келіп жетті. Бес қабатты әкімшілік ғимараттың шатыры отқа оранып жатты.

"Оттың жапсарлас орналасқан, қызу жұмыс істеп жатқан екі қабатты мейрамхана ғимаратына ұласу қаупі туындады. Ағашпен қапталған бұл ғимараттың от тисе, әп сәтте өртеніп кету ықтималдылығы жоғары еді. Өртті сөндіру барысында 20 тұтынушы мен 15 қызметкер эвакуацияланды. Өртті сөндіру кезінде өртпен күрестің екі учаскесі құрылды, өрт оқпандары қолданылды, 90 метрлік "АҚТП" өрт сөндіру автосатысы көтерілді", - деді Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі.

Қабылданған жедел шаралар нәтижесінде өрт 11 минут ішінде оқшауланды. Сағат 19:25-те 50 шаршы метр аумақты қамтыған жалын толығымен жойылды. Мейрамханаға от тимеді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

EL.KZ
Бөлісу: