Бүгiн, 09:02
«Сағындым сені»: Оразалы мен Ажардың махаббатын мәңгілікке айналдырған әннің тарихыАлматыда футболдан QJ League – Қазақстан жасөспірімдер чемпионатының екінші маусымының салтанатты жабылу рәсімінде қайырымдылық аукционы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Маусымның үздіктері марапатталған кешке отандық танымал спортшылардан бөлек блогерлер де көптеп жиналды. Осы орайда ұйымдастырушылар биыл қайырымдылық іс-шарасын өткізіп, Қостанайдағы балалар үйіне қаржы жинады.
Ал лот ретінде отандық футболшылардың жейделерімен қатар «Алтын доптың» сегіз дүркін иегері Лионель Мессидің түпнұсқалық сертификатымен жабдықталған «Барселонаның» жейдесі болды. Қызу сауда-саттық барысында ол 8 миллион теңгеге сатылды.
Нәтижесінде балалар үйінің қорына 14 миллион 500 мың теңге аударылды.
Айта кетейік, QJ League турнирінің жеңімпазы алматылық «Қайрат» командасы болды. Осылайша, алматылық ұжым келесі жылы да УЕФА жасөспірімдер лигасына Қазақстан атынан қатысады.
Бұдан басқа, лига маусымның 15 номинациясы бойынша жеңімпаздарды жария етті.
Бүгiн, 09:02
«Сағындым сені»: Оразалы мен Ажардың махаббатын мәңгілікке айналдырған әннің тарихы15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады