Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАлматыда мектеп асханаларындағы тамақ сапасын бақылау үшін мониторингтік комиссия құрылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қаланың әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова ыстық тамақ ұйымдастыру және санитарлық нормаларды сақтау бойынша топ құру туралы бұйрықтың бекітілгенін жиналыста мәлімдеді. Комиссияны қала әкімінің орынбасары, депутаттар, санитарлық эпидемиологтар, медицина мамандары және ата-аналар қоғамдастығының өкілдері кірген ведомствоаралық сараптама тобы басқарады.
Комиссияның аралық қорытындысы 15 қыркүйекке дейін, ал түпкілікті қорытындысры 25 қыркүйекке дейін шығарылады. Осы оқу жылында жаңа мәзір ұсынылып, асханаларда тағам қауіпсіздігіне баға беріледі.
Алматыда 328 мектеп бақылауда, оның 322-сі ыстық тамақпен қамтылған. Әлеуметтік осал топтардың 133 мыңнан астам оқушысы тегін түскі аспен қамтамасыз етілген.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?