10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАлматыда Лавренев көшесінің бір аумағы біраз уақытқа жабылды. Аталған көшеде орташа жөндеу жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіліп отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
@AlmatyJoly-ның жазуынша, 19 шілдеде сағат 22.00-ден 22 шілдеде сағат 10.00-ге дейін Бекмаханов-Майлин жолайырығынан теміржол өткеліне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылды. Сүйінбай даңғылы мен Захаров көшесі арқылы айналып өтуге болады.
Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты жазылған стендтер қойылған. Маршрутты алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
Қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS пен «Яндекс карталар» сервистерінде жазылған.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді