Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҚазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде Ұлттық домбыра күніне арналған «Күмбірле, қоңыр домбыра» атты ауқымды іс-шара өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл айтулы мереке халқымыздың бай мұрасын, рухани құндылықтарын дәріптеп, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған.
Көрермен назарына музей қорында сақталған халқымыздың рухани қазынасын байытқан көрнекті тұлғаларға тиесілі домбыралар ұсынылды.
Олардың қатарында халық әншісі, композитор Жаяу Мұса, ұлы Абайдың жары Ділда Алшынбайқызы, ән өнерінің шебері Әміре Қашаубаев, музыка зерттеушісі, композитор және дирижер Ахмет Жұбанов, қазақ опера өнерінің негізін қалаушылардың бірі Күләш Байсейітова, академик Қаныш Сәтбаев, театр өнерінің тарланы Елубай Өмірзақов, сондай-ақ Жұбан Молдағалиев, Кәукен Кенжетаев, Әбділда Жангелдин, Қапан Қасымов және басқа да біртуар өнер қайраткерлерінің домбыралары бар.
Сондай-ақ іс-шара барысында «Ақжауын» мемлекеттік камералық оркестрі мен «Серпер», «Жігер» домбырашылар ансамбльдері өнер көрсетіп, тыңдарманның құлақ құрышын қандырды. Бұл кеште өнер көрсеткен талантты бүлдіршіндер күйші, Қазақстанның Халық әртісі Секен Тұрысбектен бата алды. Сонымен қатар Секен Тұрысбек өзінің 30 жыл бойы шығармашылық серігіне айналған домбырасын музей қорына табыстады.
Көрме аясында күйшілердің шеберлік сағаттары өтіп, ұлттық киім үлгілері ұсынылды.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар