Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАлматыда Almaty creative орталығында Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетовтың креаторлармен кездесуі өтті. Оған режиссерлер мен продюсерлер, суретшілер қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесуде креативті индустрия саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Оның ішінде заңнамалық бастамалар, инфрақұрылымды дамыту, қазақстандық креативті өнімдер импорты сөз етілді.
Шығармашылық мамандарды қолдау – болашаққа жасалған инвестиция. Креативті индустрия бірегей өнім жасап, мәдени әлеуетті нығайта отырып, жаңа экономиканы қалыптастырады, – деді Almaty creative директорының міндетін уақытша атқарушы Бақыт Елубаева.
Сондай-ақ кездесу аясында креаторларға креативті индустрияларды дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Құрмет грамотасы» табысталды.
Креативті экономика саласындағы зерттеулер Қазақстандағы осы секторды дамыту үшін өте маңызды. 7 жылдан астам уақыт бойы әріптестеріммен бірге сапалы қолданбалы зерттеулер жасауға тырысып келеміз. Бұл грамота біздің жұмысымыздың министрлік тарапынан бағаланғанын растайды және бұл мен үшін өте маңызды, – деді Нархоз Университетінің креативті экономика жобаларының жетекшісі Дана Шаяхмет.
Айта кетейік, бүгінде Алматы Қазақстандағы креативті индустриялардың орталығы. Мұнда елдегі креативті индустрия субъектілерінің үштен бірі тіркелген.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары