18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Әлеуметтік желіде жас жігіт пен қыздың әдейі қоқыс тастап, тазалықшы әйелді дөрекі түрде балағаттап жатқан видео тарады. Полиция аталған бейнежазбаға қатысты пікір білдіріп, жастардың жеке басы анықталғанын айтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Видеода жас жігіт пен қыз өз әрекеттерін келеке-мазақпен сүйемелдеп, бейненің соңында мұның «пранк» екенін айтады. Кейін көше сыпырушыдан кешірім сұрап, оған ақша береді.
Бұл видео желі қолданушыларының ашуын тудырды. Полиция жастардың жеке басын анықтап, материалдар сотқа берілді. Іс қаралған соң олар ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жас жігіт 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
“Пранк” жауапкершіліктен босатпайды. Заң бәріне бірдей. Белсенді ұстанымдары үшін алаңдаушылық білдірген азаматтарға алғыс айтамыз. Бұл оқиға әдептілік шегінен шығуға дайын жандарға сабақ болады деп сенеміз, - деп атап өтті полициядан.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр