23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Алматы қаласының әкімі бекіткен кестеге сәйкес, наурыз айында аудан әкімдері көпбалалы аналармен 8 кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Алматы қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.
Кездесуге барлығы 114 көпбалалы отбасы келіп, әкімдерге 129 сұрақ жолданды. Оның 80-і бойынша түсініктемелер берілді, кездесулерден кейін 18 мәселе пысықталды, тағы 31-і жұмыста.
Негізгі мәселелер:
* тұрғын үй алу (кезекке қою) – 24;
* білім (балаларды мектептер мен балабақшаларға орналастыру, мектеп формасы, Аrt sport бағдарламасы.sport) 14 ;
* Денсаулық сақтау – 10 ;
* әлеуметтік жәрдемақылар (АӘК, азық-түлік жинақтары) – 18;
* ТКШ және абаттандыру (газды қосу, сумен жабдықтау және су бұру) – 14;
* жұмысқа орналасу және бизнес гранттары – 4;
* Көлік – 4;
* басқалары – 41 .
Қала әкімдігі аудан әкімдерінің қаланың көпбалалы аналарымен 2023 жылғы сәуірге арналған кездесулерінің тиісті кестесін бекітті.
Еске салсақ, бұған дейін аудан тұрғындарымен кездесулер барысында көптеген өтініштерге байланысты Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев аудан әкімдерінің көпбалалы аналармен ай сайынғы кездесулерін ұйымдастыруды тапсырған болатын.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік