29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАлматыда жол апатынан 39 жастағы жау жүргінші мерт болып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
@almatylive_kz Telegram-арнасының жазуынша, «Toyota» маркалы автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі Әл-Фараби даңғылымен батыс бағытта келе жатып, Қаратаев көшесімен қиылысқан жерде рөлді басқара алмай қалған. Содан жолдың солтүстік жиегіне шығып кетіп, жиектастың үстіне соғылған. Кейін тротуарға шығып кетіп, 39 жастағы әйелді қаққан. Мұнан соң жарнама тақтасының тірегіне соғылып, көлік аударылған.
Полиция хабарлауыша, жол-көлік оқиғасы 19 қаңтарда таңғы сағат 5:30-да Алматы қаласының Бостандық ауданында болған. Жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапты.
Көлік жүргізушісі мен оның жолаушысы қала ауруханаларының біріне жатқызылды. Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды, – делінген полиция мәліметінде.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек